Шанхайдағы ЭКСПО-ға қандай компаниялар қатысып жатыр

989

Қытайдағы импорт көрмесіне 38 қазақстандық компания өнімін ұсынды. 

Шанхайдағы ЭКСПО-ға қандай компаниялар қатысып жатыр

Қазақстанның ұлттық павильоны көрме қалашығынан 180 шаршы метр аумақты алып жатыр. Отандық ірі кәсіпорындардың ішінде QazTrade, Kazakh Investment, Самұрық-Қазына, Бәйтерек, AIFC, Astana Expo-2017, "ҚазақТуризм"  және "Қорғас" компаниялары өз өнімдерін жарналамауға мүмкіндік алған. Қалған 30 кәсіпорын – тамақ және ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынушылар: "Лепсинск Өнімі" ЖШС, "Sun Bee ALTAI" ЖШС, "Аралтұз" АҚ,  "ДЕП" ЖШС, "Sweet Ideas KZ" ЖШС, "Катонқарағай бұғы паркі" компаниялар тобы, "Кублей"  ЖШС, "Рахат" АҚ, "Sun planet Organic" ЖШС, "Евразия Инвест ltd" ЖШС, "Терра Нова" ЖШС, "Шин Лайн" ЖШС, "Пионер" ЖШС, "Пчела" ЖШС, "Зейтун" ЖШС, "Ролла 7" ЖШС, "Сұлтан Маркетинг" ЖШС, "Қарағанды Бекіре" ЖШС, "JFM Compаny" ЖШС,  "Рыбпром" ЖШС, "Express way" ЖШС, "Мед Кз", "Golden Camel" ЖШС, "Баян Сұлу" ЖШС, "ВостокЭкоЛайн" ЖШС, "Ұлтарақ" ЖШС, "Дисада" ЖШС,  "Sweet Ideas"  ЖШС, "Сырат" ЖШС, "Көкшетау минералды суы" АҚ бар.

"Бұл компаниялардың экспорттық әлеуеті жоғары. Оның үстіне шикізат емес, өңделген өнім ұсынады. Қытай нарығында Қазақстанның өсімдік майы танымал. Осы көрме арқылы басқа өнімдерді жарнамалау мүмкіндігі туып тұр", – дейді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу