Шанхайдағы ЭКСПО: Қазақстан екі күнде 74 млн долларға келісімшарт жасасты

349

Қазақстан сапалы экологиялық таза өнім жеткізуге кепілдік береді.

Шанхайдағы ЭКСПО: Қазақстан екі күнде 74 млн долларға келісімшарт жасасты Фото: gov.kz

ҚР Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиев пен ҚР Шанхай қаласындағы Бас консулы Р. Рахимовтың қатысуымен қазақстандық компаниялар ынтымақтастық туралы үш меморандумға және жалпы сомасы 74 млн долларға 15 экспорттық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, отандық тауар өндірушілер қытайлық серіктестермен май өнімдерін, құрғақ сүт, балды, сондай-ақ жемдік ұнды жеткізу туралы келісті.

Келісімдерге қол қою рәсімінде Арман Шаққалиев атап өткендей, Қазақстан сапалы экологиялық таза өнім жеткізуге кепілдік береді.

Қытайдың халықаралық импорт көрмесі (CIIE) Шанхай қаласында 2023 жылдың 5-10 қарашасы аралығында өтеді. Қазақстанның бизнес-стендінде "Мибеко" ЖШС, "Алматы өнімі" ЖШС, "Восток ЭкоЛайн" ЖШС, "Өскемен май зауыты", "DEP" ЖШС, "Евразия ИНВЕСТ ЛТД" ЖШС, "Лепсинск Өнімдері" ЖШС, "Тек Tau" ЖШС, "Көрік ШҚ" ЖШС, "Arnna Minerals" ЖШС,  "Алель Агро" ЖШС,  "Алтын Орда" ЖШС және басқалардың өнімдері ұсынылған.

Қазақстандық кәсіпорындардың импорттық ЭКСПО-ға жыл сайын қатысуын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы және Қазақстандағы ҚХР елшілігі қамтамасыз етеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу