Шанхайдағы халықаралық бокс турнирінде екі боксшымыз финалға шықты

782

Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. 

Шанхайдағы халықаралық бокс турнирінде екі боксшымыз финалға шықты

Шанхайда бокстан халықаралық турнир жалғасуда. Бірінші күннің нәтижесі бойынша жарыстың финалына екі қазақстандық боксшы шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

81 келі салмақ дәрежесі бойынша финалға Нұрбек Оралбай жолдама алды. Оның ағасы Айбек Оралбай да өз кезегінде  91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске бір табан жақындап, финалға өтті.

Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстандық боксшылардан Шалқар Айқынбай – 49 келі, Нұрбол Қалжанов – 56 келі, Саматәлі Төлтаев – 60 келі және Талғат Шайкен 69 келі салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шығып, финал үшін жұдырықтасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу