Шанхайдағы көрмеде отандық компания 18 миллион долларға келісімшартқа отырды

605

Қытайдың Бесінші халықаралық импорттық тауарлар көрмесі (China International Import Expo (CIIE) – жыл сайын өткізілетін ең ірі көп салалы іс-шара.  

Шанхайдағы көрмеде отандық компания 18 миллион долларға келісімшартқа отырды Фото: gov.kz

Биыл көрмеге 145 елдің компаниялары қатысады. Қазақстаннан 25 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады. Қытайдың импорттық тауарлардың Бесінші халықаралық көрмесінде Қазақстаннан түйе сүтін өндіретін "Golden Camel" кәсіпорны Shandong huabai Trading Co., Ltd. және Shanghai Oriental TV Shopping Co., Ltd. сауда компанияларымен 2 келісімшарт жасасты. Келісімшарттық міндеттемелердің жалпы сомасы 18 миллион долларды құрайды.

"Golden Camel Group Ltd" түйе сүтін өңдеумен айналысады және дайын өнімді экспортқа жібереді. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен құрылған кәсіпорын қызметі Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытуға септігін тигізуде. 2018 жылы кәсіпорын қуаттылығы тәулігіне 100 тонна шикізат түйе сүтін өңдейтін зауыт салды. Кептірілген түйе сүтінің алғашқы партиясы 2020 жылы Қытайға экспортталды.

Сондай-ақ, көрме барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Қытайдың машина жасау және электронды өнімдердің импорты мен экспорты (CCCME) сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өндірісті дамытуға және біздің елдеріміздің нарығына жоғары технологиялық өнімдерді жеткізуге ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу