Ақмола облысының Шаңтөбе ауылында құны 1,5 миллиард теңгеге жуық жаңа қазандық салынатын болады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Шаңтөбе ауылына барып, жаңа қазандықтың құрылыс жұсысын көрді.
Құрылыс Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Бұл жобаның жалпы құны 1 миллиард 243 миллион теңге. Осы жылы 800 миллион теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу