"Жергілікті атқарушы органдардың несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруы үшін Ұлттық банк 180 млрд теңге көлемінде облигациялық қарыз берді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларды несиелендіру бойынша "Отбасы банкі" 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді. Биылғы жылдың 10 наурыздағы жағдай бойынша банк жалпы сомасы 189,6 млрд теңгеге 15 222 несие берген. Сонымен бірге 47,4 млрд теңгеге 3 587 өтінім мақұлданды", – делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылу барысы ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында. Жалпы "Шаңырақ" пилоттық жобасын жүзеге асыруға 390 млрд теңге қаражат бөлінген.