Шәпкенов ресейлік еңбек мигранттары туралы пікір білдірді

1162

Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты, сарапшылардың пікіріне қарағанда, Ресей азаматтары Қазақстанға ағылады.

Шәпкенов ресейлік еңбек мигранттары туралы пікір білдірді

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан азаматтарын қалай қорғайды?".

Сала министрі Серік Шәпкенов сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап берді.

"Көрші елдің азаматтары көп келсе не болады деп алаңдап отырсыздар. Бірінші, ешкім осында жұмыс істеп жатқан адамның орынын тартып алмайды. Біреуді шығарып, басқа елдің адамын қызметке алу деген мүмкін емес нәрсе. Одан кейін, біз ең әуелі жұмыспен қамту орталығында кезекте тұрған өз еліміздің азаматтарын жұмысқа орналастырамыз", – дейді Шәпкенов.

Министр шетелден, соның ішінде Ресейден еңбек мигранттарының "лақ етіп ағылуы байқалмайды" дейді.

Ол IT саласында басқа елдің мамандары көбейіп бара жатқанын уайымдаудың жөні жоқ дейді.

"Нарық қай кезде дамиды? Бәсеке болғанда дамиды. Жабық болған жөн емес. Біздің мамандар бәсекеге қабілетті болуы керек. Сырттан келгендер жаңа технология, жаңа өнім алып келетін шығар. Ондай мықты мамандарды неге кіргізбеске? Неге өзіміз сондай маманды даярламаймыз? Спортшылар шетел көрмесек қалай дамимыз дегенді айтады ғой. Бұл да сол секілді", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу