"Шапшаңдық жетіспеді": Аңыз спортшы Жадыраевтың жеңілу себебін түсіндірді

396

Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған Демеу Жадыраевтың бас бапкері Юрий Мельниченко шәкіртінің қай жерде қателескенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Шапшаңдық жетіспеді": Аңыз спортшы Жадыраевтың жеңілу себебін түсіндірді Фото: olympic.kz

"Жақсы күресті, бірақ шапшаңдық жетіспеді. Бір кезде сүрініп, тепе-теңдік жоғалтып алды. Бұл сәтті жапон балуаны тиімді пайдаланып кетті. Өте өкінішті, басынан аяғына дейін күресті, барынша тырысып бақты. Қарсыласы – әлемдік деңгейдегі балуан. Өкінішке қарай, жеңіс Жапонияға кетті. Қалай болғанда да Демеуге жарайсың дейміз, финалға шығып, күміс медаль алды. Қолдау көрсеткен барша жанға алғыс айтамын", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу