"Шара қолданылуы керек": Депутат әуе көлігі саласындағы мәселелерді тізіп берді

667

Депутаттар еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамыту мәселелерін бірнеше мәрте көтерген.

"Шара қолданылуы керек": Депутат әуе көлігі саласындағы мәселелерді тізіп берді Фото: inbusiness.kz

Мәжілістегі елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған Үкімет сағатында депутат Нұртай Сабильянов әуе көлігі саласындағы мәселелерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әуе көлігі саласында мынадай мәселелер бар: әуежай жабдықтарының, техникалық құралдары мен инфрақұрылымының ескіруі; авиаотын құнының жоғары болуы; тиімсіз жоспарлау; ұшақтардың жетіспеушілігі. Бұл мәселелерді депутаттар жиі көтеруде. Әсіресе, Air Astana мен FlyАrystan-ның жиі кешігуі, билет құнын қайтаруда тұтынушылар құқығының бұзылуы үнемі болып жатыр. Сондықтан осындай мәселелерге министрлік тарапынан шара қолданылуы керек", – деді Нұртай Сабильянов.

Оның атап өтуінше, бұл салада кешенді тәсіл және сындарлы ведомствоаралық өзара іс-қимыл қажет

 "Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып отырған шаруасын көріп отырмыз. Алайда қазіргі жағдайда бұл жеткіліксіз болып тұр. Кешенді тәсіл және сындарлы ведомствоаралық өзара іс-қимыл қажет. Тек жұмыла жұмыс істеген кезде ғана сапалы инфрақұрылым құрып, осы бағытқа салынған инвестицияның тиімділігін қамтамасыз ете аламыз", – деді Мәжіліс депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу