Шардара ауданында желкенді қайық спорты жандана бастады

1106

Шардара ауданында желкенді қайық спорты жандана бастады

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында желкенді қайық спорты жұмысын бастады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Күн жылығаннан бастап аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қарамағынан ашылған мекемеде екі маман жұмыс істеп, мектеп жасындағы жасөспірімдерді жаттықтырып келеді. Қазіргі таңда 50 жасөспірім осынау спорт түрімен шұғылданып, едәуір меңгеріп алды.

Аймақта бұл спорт түрі 1976 жылы ашылып, Кеңес үкіметі тараған кезге дейін жұмыс істеген екен.
Шағалалы Шардара жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ.  Желкенді қайық спорты да мұндағы жағажай туризмінің күннен күнге дамып келе жатқанын аңғартады. Бұл жұмыстарды одан әрі өркендету мақсатында бүгінгі таңда орман қоры жерінен елдімекен санатына ауыстырылған 255 га жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ал құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталмақ. 
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, мұнда 60 нысанның құрылысы қаралған. Тартылатын инвестиция көлемі 6,7 млрд теңге, оның ішінде мемлекет тарапынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 1,7 млрд теңге жоспарлануда.

Объектілер құрылысын бастап, жер учаскесін алуға көптеген инвестор қызығушылық танытып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, келуші туристер саны 45 мыңнан асады деген жоспар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу