Шардара қаласына жаңа әкім сайланды

136

19 сәуірде Түркістан облысы, Шардара ауданы Шардара қаласы әкімінің сайлауы өтті.  

Шардара қаласына жаңа әкім сайланды Фото: Шардара ауданының әкімдігі

Сайлаушылар тізіміне 19 833 азамат енгізілген. Олардың 10 155-і дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Д.Ж.Жұмаділлаев үшін 7710 сайлаушы дауыс берген.

Екінші үміткер Б.Д. Қалдыбаевқа 1143 адам сенім білдірген. Ал М.А.Утенов 1265 дауыс жинаған. "Барлығына қарсы" белгісі бар бюллетеньдер саны – 23.

– Сайлау нәтижесінде 1985 жылы туған, Шардара аудандық мәслихат аппаратының басшысы, Шардара қаласының тұрғыны, "AMANAT" партиясынан ұсынылған Досбол Жұмаділлаев Шардара қаласының әкімі болып сайланды, – делінген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Досбол Жұмаділлаев бұған дейін Шардара аудандық мәслихат аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу