Шардара СЭС-інде екінші гидроагрегат іске қосылды

1229

Орнатылған 4 агрегаттың бәрін де ауыстыру көзделген, жобаның жалпы құны – 38 млрд теңге. Жобаның мердігері – австриялық-германиялық Andtitz Hidro GmbX компаниясы.

Шардара СЭС-інде екінші гидроагрегат іске қосылды

Түркістан облысындағы Шардара СЭС-інде станцияны ауқымды жаңғырту аясында екінші гидроагрегат  іске қосылды, деп хабарланды "Самұрық-Энерго" АҚ-дан.

Орнатылған 4 агрегаттың бәрін де ауыстыру көзделген, жобаның жалпы құны – 38 млрд теңге. Жобаның мердігері – австриялық-германиялық Andtitz Hidro GmbX компаниясы.

Станцияның технологиялық жабдығы 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, жаңғырту жобасының басталуына қарай ол 100%-ға жуық тозығы жеткен. Жүргізіліп отырған қайта құру нәтижесінде су электр станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға ұлғайтып, пайдалану сенімділігін арттыруға мүмкіндік туады. Одан тыс, энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда жоба үлкен маңызға ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу