Шардара СЭС-індегі ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды

1044

Стансаның қуаттылығы 100 МВт-тан 126 МВт-қа артады. 

Шардара СЭС-індегі ауқымды жаңғырту  жұмыстары аяқталды

Шардара СЭС-ін толық жаңғырту бағдарламасы  аяқталды. Бұл туралы "Самұрық-Энерго" АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар кеңсесі хабарлады. 

Жалпы құны 38 млрд теңге тұратын жоба аясында станциядағы төрт гидроагрегаттың бәрі де ауыстырылған. Жаңа гидроагрегаттар су электр станциясында электр өндіруді жылына 480-нен 537 млн кВт сағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  СЭС-тің қуаты 100 МВт-тан 126 МВт-қа артады. 

Құрылысты австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясы жүргізді. 

Қазақстандық электр энергетикалық холдинг мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда маңызды. 

"Самұрық-Энерго" АҚ-ға тиесілі Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануға берілген.  Онда қуаттылығы 100 МВт және төрт гидроагрегаты бар. Станция 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келгендіктен жөндеуге дейін технологиялық жабдығы  100%-ға тозған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу