Шардара СЭС-тің "ғұмыры" 50 жылға ұзартылды

1497

Жаңғырту бағдардарламасы толық аяқталды.

Шардара СЭС-тің "ғұмыры" 50 жылға ұзартылды

"Самұрық-Энерго" АҚ Шардара СЭС-нің төрт агрегатын жаңалап шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Компанияның даму және сауда-саттық жөніндегі басқарушы директоры Марат Ұлдановтың айтуынша, аталмыш жоба Түркістан облысын энергия тапшылығынан құтқарады.

"2020 жылы "Самұрық-Энерго" Шардара СЭС-ін жаңғырту бағдарламасын толық аяқтады. Осылайша оның қуаты жылына 100-ден 126 МВт-қа ұлғайды. Электр стансасының өзі 1967 жылдары іске қосылған. Нормативте қызмет көрсету мерзімі 25 жыл деп көрсетілгенімен, 50 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеп келді. Салдарынан негізгі технологиялық қондырғыларының бәрі 100 пайыз тозған еді. Жаңғырту бағдарламасының аясында 4 гидроагрегаттың бәрі жаңаланды. Соның арқасында СЭС-тің қызмет көрсету мерзімі 50 жылға  ұзартылды. Бұл жоба энегрия тапшы Түркістан облысы үшін үлкен маңызға ие. Ондағы су ресурстарын тиімді пайдалануға да септігін тигізеді", – деді "Самрұқ-Энерго" өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу