Шардара су қоймасы 93 пайызға толды. Өңір тұрғындарына қауіп төне ме?

1293

Қазіргі таңда өңірдегі жағдай тұрақты.

 Шардара су қоймасы 93 пайызға толды. Өңір тұрғындарына қауіп төне ме? Фото: ашық дереккөз

Облыс аумағында су тасқынының алдын алу бағытында тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда өңірдегі жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейі де қалыпты.

"Жалпы өңірдегі су қоймалардың толуы – 69 пайыз болып отыр. Бүгінгі күні Шардара 93, Бөген 97,6, Қосқорған 97,3, Майдантал 100, Ырмақ өзен 91,98, Арыстанды 91, Торлан 99 пайыз толды. Сырдария өзеніндегі жағдай да қалыпты. Өзбекстан аумағынан секундына 600 текше метрге жуық су келіп жатыр. Өзен бойындағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Облыс аумағында су тасқынының алдын алу бағытында тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азаматтық қорғау қызметтерінің күш пен құралдары дайындыққа келтірілген.

"Мыңнан астам жеке құрам, 300 жуық техника дайын. Қазіргі таңда жауын-шашын жоқ. Таудағы қар қоры нормадан төмендеді", - делінген ведомства ақпаратында.

Жалпы, өңірдегі 915 шақырым болатын каналдар мен арықтар, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың астындағы көпірлер механикалық тазарту жұмыстарынан өткен. 276 метр қорғаныс бөгеттері салынып, 509 метрі нығайтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу