Рейд кезінде табиғатты қорғау тобының полицейлері балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп, су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан 2 тұрғынды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция аталмыш ер адамдардан 98 келіге жуық балық, қайық пен тыйым салынған қытай торын тәркіледі.

Бұл жайт "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру" бойынша тіркелді.
Заттай дәлелдемелері бар браконьерлер полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта Шардара су қоймасындағы заңсыз балық аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.