"Шардара" су қоймасынан қауіп бар: 22 елдімекенді су басуы мүмкін

1363

Аталған елдімекендерде 34 мың халық тұрады. 

"Шардара" су қоймасынан қауіп бар: 22 елдімекенді су басуы мүмкін Фото: ашық дереккөз

"Шардара" су қоймасы мерзімінен бұрын толып, көктемде апаттық жағдайға әкелуі мүмкін. Сырдария өзенінің жоғарғы ағысының артуы салдарынан "Шардараға" келетін су мөлшері де артқан. Бүгінде су қоймасына тәулігіне орташа есеппен 42 млн текше метр су келуде, деп жазады inbusiness.kz.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл мәселе бойынша сараптама жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мамандардың айтуынша, су қоймасында апаттық жағдай орын алған жағдайда, 34 мың халқы бар 22 елдімекенді су басу қаупі бар.

Сала мамандары су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайдың алдын алу үшін Үкімет деңгейінде штаб құрылу керек деп есептейді. Осыған қатысты Үкімет пен тиісті ведомствоға хат жолданған көрінеді.

Айта кету керек, "Шардара" су қоймасының пайдалануға берілгеніне жарты ғасырдан асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу