Шардара су қоймасында гидроцикл адамдар отырған тюбингке соқтығысты

264

Зардап шеккендер бар. 

Шардара су қоймасында гидроцикл адамдар отырған тюбингке соқтығысты Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Шардара ауданындағы су қоймасында болған оқиғаның видеосы тарады. Өңірлік полиция департаменті мен ТЖМ аталған кадрларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 8 тамыз күні болған. 

Видео кадрларынан қатты жылдамдықпен келе жатқан гидроциклдің демалушылар отырған тюбингке соқтығысқанын байқауға болады. Салдарынан скутер жүргізушісі суға құлайды.

"Гидроциклдің жүргізушісі анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Гидроцикл айыппұл тұрағына жеткізілді. Сондай-ақ демалушыларға судағы көлік құралын жалға бергендерді жауапқа тарту бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деді полицияда.

ТЖМ мониторинг барысында гидроцикл мен тюбингктің суда соқтығысқаны туралы жазба анықталғанын мәлімдеді. Тексеру барысында оқиғаның 8 тамыз күні болғаны белгілі болған. Алайда "112" пультіне де, Түркістан облыстық ТЖ департаментіне де қоңырау түспеген.

"Түркістан облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы 8 тамызда сағат 15:48-де Шардара су қоймасындағы демалыс орындарының бірінде гидроцикл мен моторлы қайыққа жалғанған тюбинг соқтығысқан. Тюбингте үш адам отырған. Оқиға салдарынан үш азамат та зардап шекті. Олар ауруханаға жатудан бас тартып, түрлі жарақатпен амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу