Шардара су қоймасындағы су деңгейі күрт төмендеді

172

Мамандар су көлемінің төмендеуін күз бен қыс мезгілдерінде қоймаға құйылатын судың әдеттегіден аз болуымен байланыстырады.

Шардара су қоймасындағы су деңгейі күрт төмендеді Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

2026 жылдың қаңтар айында Шардара су қоймасындағы су көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлов аналитикалық орталығының спутниктік деректеріне сәйкес, қазіргі таңда қойма небәрі 79% ғана толған. Ал дәл осы кезеңде былтыр су деңгейі 98,6% құраған. Әдетте қаңтар айында су қоймасы жылдық ең жоғарғы межеге жақын болады. Сондықтан биылғы көрсеткіш мамандарды алаңдатып отыр. Сарапшылардың ақпарынша, әзірге төтенше жағдай жоқ. Дегенмен айырмашылық айқын байқалады.

Бұған өзен арнасы арқылы келетін ағынның әлсіреуі, жоғары ағыс бойындағы су реттеу жұмыстары немесе қолайсыз ауа райы әсер етуі мүмкін.

Дерекке жүгінсек, жағдай осы қарқынмен жалғаса берсе, алдағы кезеңде су тапшылығы қаупі арта түсуі мүмкін. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы мен өңірдің экологиялық жағдайына кері әсер ететіні анық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу