Шардара су қоймасының ахуалы қанағаттанарлық

2294

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы туралы таралған ақпараттарға қатысты жауап берді.

Шардара су қоймасының ахуалы қанағаттанарлық

Министрлік су қоймасы апаттық жағдайда тұр деген сыңайда таралып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Бұл нысан штаттық режимде жұмыс істеуде. Қазіргі уақыттағы бөгеттің ахуалы қанағаттанарлық деңгейде. Эксплуатация қызметі нысанға тұрақты бақылау жасап отыр",– деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Министрлік қазір онда бөгетті қайта құру мен жер сілкінісіне төзімділігін арттыру жұмыстары жүріп жатқандығын, өткен жылы басталған жоба жоспар бойынша 2021 жылы аяқталатынын айтады.

"Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату еліміздегі қылмыстық жаза қолданылатын əрекет екенін еске салғымыз келеді. Тек ресми ақпарат көзіне ғана сенген жөн",– деп ескертеді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу