Шардара су қоймасының толуына байланысты су тасқыны қаупі бар

843

Қазақстанның оңтүстігінде 22 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр.  

Шардара су қоймасының толуына байланысты су тасқыны қаупі бар Фото: gov.kz

Мамандар Шардара су қоймасының мерзімінен бұрын толып кетуінен қауіптеніп, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір су қоймасына секундына 900 текше метрден сәл астам су құйылып жатыр. Мамандар шара қолданып, суды Сырдарияға бағыттауды ұсынып отыр.

"Шардара су қоймасында былтыр осы уақытта 2 миллиард 200 текше метр су болған. Қазір бұл көлемнен 100% артық. Сондықтан менің ойымша, суды Қызылорда облысына қарай біртіндеп жіберу керек. Әр секунд сайын Қызылорда облысының аумағына 630 текше метр су келіп жатыр. Ол кейінгі 5 жыл бойы қуат алмаған ескі арналарға жіберіледі. Жалпы ылғал облыстағы шағын және үлкен көлдердің басым бөлігіне жетіп үлгерді", - деп мәлімдейді "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының басшысы Маханбет Жазықбаев.

Жергілікті билік Экология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жолдап, онда бірқатар ұсынысты ортаға салды. Үкімет деңгейінде штаб құру қажет екені де айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу