Шардара тұрғынынан заңсыз ауланған 60 келі балық тәркіленді

530

Тәртіп сақшылары ер адамнан қайық, балық аулау торлары мен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіледі.  

Шардара тұрғынынан заңсыз ауланған 60 келі балық тәркіленді Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, заңсыз балық аулаудың кезекті фактісін анықтап, жолын кесті. 

Нақтырақ айтсақ, Шардара су қоймасы учаскелерінің бірінде рейд жүргізу барысында заңсыз балық аулаумен айналысқан Шардара қаласының тұрғынын анықтады. 

Тәртіп сақшылары ер адамнан қайық, балық аулау торлары мен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіледі. 

Бұл факт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз алу) бойынша тіркелді. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу