Еріктілермен бірге мемлекеттік сатып алу порталында бағаны бақылау бойынша мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Нәтижесінде биылғы жылдың 9 айында 3,2 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделді, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
Мәселен, Шардара орталық аудандық ауруханасы 2 600 теңге тұратын глютенсіз спагетти макарон өнімдерінің 1 келісін 4 800 теңгеден алуды жоспарласа, Түлкібас аудандық орталық ауруханасы нарықтағы бағасы 439 900 теңге тұратын көшіру аппаратын 9,4 млн теңгеге сатып алуды көздеген.
Сонымен бірге, Түркістан қаласы, Қазығұрт және Мақтаарал аудан әкімдіктерімен жоспарланған 9 қызметтік көліктердің бағасы қайта қаралып, нәтижесінде 98,6 млн теңге бюджет қаржысы үнемделді.
"Мемлекеттік сатып алуды аса жоғары бағамен алуды жоспарлаған мекемелерге бағаны қайта қарау туралы ұсыныстар жолданып, бағалар медиандық баға тұрғысынан қайта қаралды" — деді Мұрат Төлеубаев.