Шардарада балық өңдейтін тағы бір зауыт іске қосылады

911

Шардарада балық өңдейтін тағы бір зауыт іске қосылады

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара қаласында бесінші балық өңдейтін зауыт іске қосылады, деп хабарлайды khabar.kz.

Жаңа кәсіпорын ғимаратының қабырғасы қаланып, шатыры жабылған. Жуырда мұздатқыш камералар сатып алыныпты.

Осы уақытқа дейін аудандағы 4 ірі кәсіпорын жылына 6 100 тонна балық өнімін тұтынушыларға ұсынып келген еді. Мұнда өңделген балықтың 80 пайызы экспортқа жөнелтілуде. Әсіресе Еуропа мен ТМД елдерінен тапсырыс көп. Қазір аймақтағы су қоймасында 9 100 тоннаға дейін балық қоры бар. Тұқым шаруашылығын дамыту үшін жергілікті әкімдік кәсіпкерлерге 80 гектар жер бөліпті. Осы инкубатордың есебінен балық өндірісінің көлемін 100 тоннаға жеткізу ойда бар. Мұндағы зауыттарға балықтың 70 пайызы Аралдан, қалғаны жергілікті су қоймасынан жеткізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу