Шардарада балықтардың қырылуына байланысты тексеру басталды (видео)

1231

Негізгі көрсеткіштерді талдау нәтижесі ертең, 22 наурызда белгілі болады.

Шардарада балықтардың қырылуына байланысты тексеру басталды (видео)

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында балықтардың жаппай қырылуы туралы видеоға қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру жұмыстарын бастады. Министрлікке қарасты "Қазгидромет" РМК қызметкерлері су қоймаға жоспардан тыс барып, бірқатар нүктеден су сынамаларын алған. Олар: Сырдария өзені Шардара су қоймасына дейін, Шардара су қоймасы бөгетінен 2 км төмен және 2 км жоғары тұстан, Шардара су қоймасы Серебряный жағажайы мен Қытай қалашығы жармасы. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, су сапасын талдау 46 көрсеткіш бойынша жүргізілетін болады.

"Талдау көрсеткіштері иондар, тасталған және органикалық емес заттар мен ауыр металдар бойынша жүргізіледі. 22 наурызда негізгі көсреткіштерді талдау нәтижелері туралы ақпарат жарияланатын болады. Ал 26 наурызда  5 тәулік бойы орындалатын "оттекті биохимиялық тұтыну (5)" талдауының нәтижелері ұсынылады" деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, бұған дейін Шардара су қоймасына барған балық аулаушылардың бірінің ондағы балықтардың жаппай қырылып жатқанын айтып, дабыл қаққан видеосы тарап кетті. 

Жансая Тәуекелқызы

>

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу