Шардарада инновациялық әдіспен пияз егу басталды

852

Шардарада инновациялық әдіспен пияз егу басталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының диқандары инновациялық әдіспен пияз егу жұмысын бастады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бес жылдан бері пияз егу жұмысымен айналысып келе жатқан "Тұрар" шаруа қожалығы биылғы жылы 35 га алқапқа дән сеуіп жатыр. "Ранко" деп аталатын жаңа тұқым сортын егіп жатқан диқандар мұның өнімі бітік боларына сенімді. Өткен жылы шаруалар еккен пияздың гектарынан 80 тоннадан өнім алса, биыл 100 тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, пияз тұқымын бір мезетте бірнеше жұмысты атқаратын жаңа заманауи техникамен сеуіп жатыр. Яғни техника, біріншіден, арасы 3 см-ден тұқым тастаса, екіншіден, тамшылатып суаратын су түтігін қоса көмеді.

Сондай-ақ бір гектар жерге 6 келідей тұқым кетсе, жоғары сортты тұқымның бір келісі 64 мың теңге тұрады. Жерді жыртудан бастап, жиын-терім науқанына дейін жалпы әр гектарға 1 млн 300 мың теңгеден жұмсалады екен. Алайда түскен өнім кеткен шығынды еселеп жабады дейді диқандар.

Шардара ауданындағы Жаушықұмның жуасы жалпақ жұртқа жақсы таныс. Тіпті 2013 жылы Мәскеуде өткен жәрмеңкеге "Тұрар" шаруа қожалығы 20 тонна өнім апарып ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу