Шардарада желкенді қайық спортынан ашық кубок өтуде

1644

Ашық Кубок жарысына Түркістан, Алматы облысы мен Балқаш қаласының және көршілес Өзбекстан Республикасының спортшылары қатысуда.

Шардарада желкенді қайық спортынан ашық кубок өтуде

Шардара қаласында желкенді қайық спортынан Қазақстан Республикасының ашық Кубогы өтуде, деп хабарлайды Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, облыстық есу және желкенді қайық спорты қауымдастығының төрағасы Денис Жәрменов, республикалық желкенді қайық спортының мемлекеттік жаттықтырушысы Мақсұт Нарбаев сөз сөйлеп, келешекте Шардара су қоймасында осынау спорт түрін дамытуды қолға алып жатқандарын айтып өтті.

Ашық Кубок жарысына Түркістан, Алматы облысы мен Балқаш қаласының және көршілес Өзбекстан Республикасының спортшылары қатысуда.

Желкенді қайық спортынан өтіп жатқан ашық Кубок жарысы наурыз айының соңында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу