Шардаралық тұрғыннан сора түптері тәркіленді

456

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шардаралық тұрғыннан сора түптері тәркіленді Фото: Polisia.kz

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті есірткі егу дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер құрамында есірткі заты бар өсімдікті заңсыз өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады. 

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары шардаралық тұрғынның үйінің ауласын тінту кезінде есірткісіне ұқсас 9 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. 

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі түптері сора болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу