Шарджада екі қазақстандық қыз қаза тапты: СІМ түсініктеме берді

366

Бір үйдің екі қызы – Ақжан және Жұлдыз Боханова Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Шарджада екі қазақстандық қыз қаза тапты: СІМ түсініктеме берді Фото: СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, олардың отбасына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған азаматтардың құжаттарын рәсімдеуге және оқиғаның мән-жайын анықтап жатқан БАӘ құзырлы органдарымен байланыс орнатуға жәрдемдесуде.

"ҚР СІМ қаза болғандардың отбасыларымен тұрақты байланыста және өз құзыреті шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетіп жатыр", – деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде марқұмдардың мәйітін Қазақстанға жеткізу үшін көмек сұраған жазбалар тараған болатын.

Қазіргі уақытта БАӘ-нің құзыретті органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеуге байланысты әзірге қосымша ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу