Шәріпова нокаутпен жеңді

629

Шәріпова нокаутпен жеңді

Қазақстаннан шыққан кәсіпқой бокстағы бірінші қыз Фируза Шәріпова ресейлік қарсыласы Виктория Котованы нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеуде өткен рейтингтік кездесу бірінші раундтың 54-ші секундында аяқталды.

Шәріпова қарсыласын нокаутқа жібергеннен кейін, рефери жекпе-жекті тоқтатты. Қазақстандық боксшы қыз өзінің спорттық мансабындағы ең қысқа уақыттағы жеңісіне қол жеткізді.

Шәріпова осылайша төртінші рет жеңіске жетті. Оның екеуі нокаутпен аяқталды. Сонымен қатар  оның бір жеңілісі бар. Ол 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері ресейлік Софья Очигавадан жеңілген болатын.

Осы кездесуге дейін Шәріпова әлемдік рейтингте BoxRec порталының нұсқасы бойынша 29-орынға тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу