"Шарқайрақпен бағананы кесіп тастады": Астанада вандал жауапқа тартылды

187

Елордада вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күрес жалғасуда. 

"Шарқайрақпен бағананы кесіп тастады": Астанада вандал жауапқа тартылды Фото: inbusiness.kz

Кезекті вандалдар табылып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

28 жастағы азамат Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 36/2 үй мекенжайында тұрып, металл бағананы (қақпаның) шарқайрақпен кесіп, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірді.

Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша ер адамға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Осындай жағдай наурыз айының басында түнгі 11-де болды. 20 жастағы студент үйде тұрақта жүргенде күзет бекетінің әйнегін сындырды. 
Вандал кінәлі деп танылып, 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

"Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындарының қолдауымен "Тоқта, вандал" акциясы жалғасуда. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіліп, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады елорда әкімдігі.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау. 2024 жылдың басынан бері елордада вандализмнің 70-ке жуық фактісі анықталды. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.

Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу