Мәселен, 4 жоба бойынша құбырларды түзеу жұмыстары әлі де басталмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты министр баяндамасына сілтеме жасап.
Биыл 163 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 92,5 млрд теңге қарастырылған. Атап айтқанда, 109 км жылу желілерін жөндеуге берілетін нысаналы трансферттер есебінен 68,6 млрд теңге бөлінді, 54 шақырымды реконструкциялауға шамамен 23,9 млрд теңге Үкімет резервінен жіберілді.
Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары есебінен жалпы сомасы 16,6 млрд теңгеге 68,8 шақырым жылумен жабдықтау желісін қайта жаңарту жоспарланған.
"Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарға қаржыландыру жоспарына сәйкес сәуір айынан бастап 92,5 млрд теңгенің 37,5 млрд теңгесі аударылды. Бұл ретте жылумен жабдықтаудың 63 жобасының 8 жобасы бойынша жұмыс аяқталып, 51 жоба бойынша желілерді төсеу басталды, 82 шақырым жол салынды", — деп мәлімдеді Қанат Шарлапаев.
Министрдің айтуынша, бірқатар облыстары жылу желілерін салу бойынша жұмыстар төмен қарқынмен жүргізілуде. Мәселен, 11 жоба бойынша жоспардың орындалуы 50%-дан, 9 жоба бойынша – 20%-дан төмен. 4 жоба бойынша құбырларды түзеу жұмыстары әлі де басталмаған.
"Сондай-ақ Ақтау қаласының магистралдық жылу желілерін жаңғырту жобасы бойынша 12 шақырымға жуық магистралдық желілердің демонтажы жасалған, бүгінде оның 7 шақырымы ғана түсірілген. Маңғыстау облысы әкімдігіне аталған жұмысты аяқтау үшін жағдайды тезірек қолға алуы керек", – деді министр.
Осы жылдың 12 тамызынан бастап өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТКШ және әлеуметтік сала объектілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша кешенді тексеру жүргізуде.
Әкімдіктер үшін өңірдегі жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша бақылау мерзімдері белгіленді:
- қыркүйек айының соңына дейін жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау;
- 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің, 15 қазанға дейін – денсаулық сақтау, ТКШ және тұрғын үй қорының объектілерінің толық дайындығын қамтамасыз ету қажет.