Министр жылыту маусымына дейін барлық нысандарда жөндеу жұмыстары аяқталады деп уәде етті

178

Әзірге 5 өңірде жөндеу жоспарының тек  50%-ы орындалған.  

Министр жылыту маусымына дейін барлық нысандарда жөндеу жұмыстары аяқталады деп уәде етті Фото: Үкімет

2024 жылға 546 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланған – коммуникациялардың 65%-да жаңғырту аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"5 өңірде жөндеу жоспарының тек  50%-ы орындалған. Оның ішінде Шымкент қаласында – 31%, Маңғыстау облысында – 41%, Атырау, Қостанай және Абай облыстарында – 49%, тағы 6-ында орындалған жұмыс 70%-ға дейін орындалды", – деп нақтылады Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Министр хабарлауынша, сумен жабдықтау желілерінің 59%-ы, су бұру желілерінің 74%-ы жөнделді. Төмен көрсеткіштер Абай облысында және Алматы қаласында байқалады. 

"Қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат бөлінді, жылыту маусымының басында жұмыс аяқталатын болады", — деп атап өтті Қанат Шарлапаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу