Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан әуе рейсімен келген жолаушыдан COVID-19 анықталды

767

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша 7 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келген. 

Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан әуе рейсімен келген жолаушыдан COVID-19 анықталды

Халықаралық авиарейстермен келген 1 904 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР тест анықтамасымен 1 629 адам, анықтамасыз 275 ел азаматы келді. 

Оның ішінде: 
- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 090 жолаушы, анықтамамен - 923, анықтамасыз - 167; 
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 644 жолаушы, анықтамамен - 536; анықтамасыз - 108; 
- Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген; 
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 88 жолаушы анықтамамен келген; 
- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 73 жолаушы анықтамамен оралды. 

Анықтамасыз Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырды және карантин стационарында сынама нәтижесін күтуде. Сондай-ақ, 6 қаңтарда анықтамасыз келген 299 ел азаматының тапсырған ПТР талдау нәтижесі бойынша Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан әуе рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
Бақылау, Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан әуе рейсі, ПТР талдау нәтижесі, анықтама, коронавирустық инфекция

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу