"Шарм-эль-Шейх - Шымкент" халықаралық рейсі келген кезде тексеру кезінде Түркістан қаласының 31 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды, тексеру кезінде діни мазмұндағы 222 кітап табылып, тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Шымкент станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты әкімшілік кодекстің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағы (діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, дайындау, шығару, басып шығару және тарату) бойынша әкімшілік хаттама толтырды және материал сотқа жіберілді.
Шымкент қаласының әкімшілік соты 2 тамызда ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 50 АЕК көлемінде 153 450 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.