Шарм-эль-Шейхтен келген жолаушыдан 200-ден астам діни мазмұндағы кітап тәркіленді

687

Шымкент әуежайында Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген рейс жолаушыларын тексеру кезінде 31 жастағы жігіттен 222 діни мазмұндағы кітап тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шарм-эль-Шейхтен келген жолаушыдан 200-ден астам діни мазмұндағы кітап тәркіленді

"5 шілде күні Шымкент қаласының әуежайында халықаралық "Шарм-эль-Шейх-Шымкент" рейсімен келген жолаушыларды тексеру кезінде Түркістан қаласының 31 жастағы тұрғынынан 222 діни мазмұндағы кітап табылды және тіркіленді.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері заң бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабы 1-тармағы 3-тармақшасы (Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару және тарату) бойынша хаттама толтырып, материалдар сотқа жолданды.

2 тамызда Шымкент қаласының әкімшілік соты айыпталушыны жауапқа тартып, оған 50 АЕК, яғни 153 450 теңге айыппұл салынды", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу