"Шаршамайтын" әкім және Президенттің сенімі

684

Бірнеше аймақта әкім болған Даниал Ахметовтің әлі де қызметтен кеткісі жоқ. 

 "Шаршамайтын" әкім және Президенттің сенімі Фото: tengrinews.kz

Облыс басшысы ретінде жалпы тәжірибесі 16 жылға жуықтаған 68 жастағы шенеунік шаршамадым,- деп отыр.

Даниал Ахметовтан кейін 9 жылдай аймақтарда әкім болған Нұрлан Ноғаев тұр. Қалғандарының бұл бағытта тәжірибесі аса көп емес.

"Шаршамадым" деген Ахметов жалғыз зейнеткер әкім болса, ең жасы  Шымкент қаласын басқарып отырған Мұрат Әйтенов. 41 жаста. Ол жуырдағы ауыс-түйісте орнын сақтап қалған 12 әкімнің бірі. Жеңіс Қасымбек пен Құмар Ақсақалов бір аймақтан екіншісіне ауысты. 4 облыстың әкімі үшін бұл  аймақ басқарудағы алғашқы тәжірибе болып отыр. Президент бәріне "сенімді ақтаңдар" деп ескертті.

"Жалпы аймақтарда инфрақұрылымға қатысты мәселе аз емес. Тұрғын үй тапшылығы, жылу, энергия және су желілерінің ескіргені, жолдардың тозып тұрғаны баршаға мәлім. Бүгінгі басқосуға облыс әкімдері қатысып отыр. Жаңадан тағайындалған басшылар да бар. Сіздерге сенім артамыз. Әр аймақты тұрмыс сапасы жоғары қуатты өңірге айналдыру үшін зор мүмкіндік беріліп отыр. Табанды жұмыс істеу қажет", деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу