Шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан ақтөбелік темір торға қайтадан қамалды

331

Ол пробациялық бақылау ережелерін бұзған. 

Шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан ақтөбелік темір торға қайтадан қамалды Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаменті

Ақтөбе қалалық сотында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға қатысты сот отырысын ұйымдастырылды. Онда бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру мәселесі қаралды. 

Айыпталушы 2017 жылдың басында ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тоғыз жылға бас бостандығынан айрылған еді.

"58 жастағы ер адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу жазасы 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Ол 2023 жылдың маусымында ол пробациялық бақылауды белгілеу арқылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Алайда, сотталған адам түзету жолына түспей, заңсыз әрекеттерге жол бере бастаған: бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық жерде мас күйінде болған. Сондай-ақ, тексеру кезінде ол бірнеше рет тұрғылықты жерінде болмаған", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу