Өйткені оған, жазасын толық өтемейінше тұрғылықты жерінен алысқа ұзап кетуге болмайды. Сол себепті, экс-шенеунік, мерзімінен бұрын босатуды сұрап сотқа шағым түсірді. Бес бала асырап отырмын деген Бақауов, 2020 жылы сот үкімі күшіне енісімен-ақ қоғамдық жұмысқа орналасқан. Содан бері ешқайда шықпаған, тәртіп бұзбаған.
Алайда оған жұмыс бабымен шет елдерге іссапармен бару керек екен. Сотта, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері Бақауовтың тәртібіне "5" деген баға беріп, жағымды мінездеме де жасады. Прокурор оны мерзімінен бұрын босатуға үзілді-кесілді қарсы болды. Өйткені Бақауовтың жасаған қылмысы кешірімге жатпайды.