Шаруа қожалығы өңір әкімінен қолдау көрсетуді сұрады

3074

Жансейіт Түймебаев "Мемлекет" шаруа қожалығының жетекшілеріне ет көлемін арттыруды тапсырды. Бұл ретте, шаруа қожалығының иелері аталған мақсатты орындау үшін банктен жеңілдетілген несие алу жайын қарастырып жатқанын жеткізді. 

Шаруа қожалығы өңір әкімінен қолдау көрсетуді сұрады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Кентау қаласының Шаға ауылында орналасқан "Мемлекет" шаруа қожалығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
 
2014 жылдан бері нарықта қызмет етіп келе жатқан қожалықта 900 бас мал басы бар. Негізінен, ірі қара малды бордақылаумен айналысатын шаруалар қосымша шұжық өнімдерін де өндіреді. Өнімнің негізгі тұтынушысы – жергілікті халық. Шаруа қожалығы төрағасының орынбасары Бақытжан Байжомартов мұндағы арнайы ашылған мал сою бекеттерінде күніне 15-20 басқа дейін сойылатынын айтты.
 
Шаруа қожалығының басшылығы ірі қара малының жем-шөбін қамтамасыз ету үшін 150 гектар арнайы алқапқа жоңышқа, жүгері және бидай егіп, түліктерге жем дайындайтын цех ашқан. Онда тәулігіне 20-24 тонна жем дайындалады. Бордақыланған малдың салмағы 450-500 келіге дейін тартады екен.

Облыс басшысы қожалық жетекшілеріне ет көлемін арттыруды тапсырды. Бұл ретте, шаруа қожалығының иелері аталған мақсатты орындау үшін банктен жеңілдетілген несие алу жайын қарастырып жатқанын жеткізіп, оны өткізуде әкімдік тарапынан қолдау көрсетуді сұрады.
 
Жалпы, Кентау  қаласы  бойынша  бүгінгі таңға  328 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді.  Онда  4920 бас  ірі  қара мал бордақылануда.  Мал бордақылау алаңдарында  1968  тонна  ет  өндірілді.
 
2018 жылы 485 тонна ірі қара еті "Қайып ата" шаруа қожалығы арқылы экспортқа шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу