Шаруа қожалығында болған өрттен бір адам көз жұмды

952

Өрт 672 шаршы метр аумаққа тараған.

Шаруа қожалығында болған өрттен бір адам көз жұмды

Кеше Шығыс Қазақстан облысының Глубоковск ауданындағы шаруа қожалығында ірі өрт болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстың ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, өрт сағат 4:00-де Жаңа Үлбі кентіндегі ферма аумағында басталған. Жалын ағаштан жасалған қабырғалар мен жекеменшік үйдің шатырын, сондай-ақ үйге жалғанып салынған шаруашылық құрылысын шарпыған.

"Өрт сөндірушілер келгенше, шаруа қожалығында істейтіндер қорадан 60 бас ірі қара мен 8 жылқыны шығарып үлгерген", – деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндірушілер таңғы 8.00-ге қарай өрттің таралуын тоқтатып, сағат 12.00-де толық сөндіріп болды.

Оқиға орнынан 1982 жылы туған ер адамының денесі табылды. ТЖД-ның нақтылауынша, қайтыс болған адам шаурашылық аумағында тұрған.

Өрттің жалпы ауданы 672 шаршы метрді құрады. Онымен күреске 5 машина және өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 18 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ ферманың 10 адамы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу