Шаруа қожалығының басшысынан миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды

266

Күдікті Жетісу облысы Қаратал облысының тұрғыны болып шықты. 

Шаруа қожалығының басшысынан миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысын бопсалады деген күдікке ілінген Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.

"Жедел уәкілдермен ер адам ұсталды, ол шаруа қожалығының басшысын қорқытып, миллион теңге бопсалаған. Қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда. Күдікті қамауға алынды", – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығының м.а. Аслан Абылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу