Атап айтқанда, Премьер-Министр "Каримов" ЖК сүт-тауар фермасының қызметімен танысты. 2022 жылы жергілікті сүт өңдеу зауыттарының жүктемесін қамтамасыз ету және сүт өнімдерінің импортын азайту үшін айтарлықтай кеңейтілген кәсіпорында 900-ге жуық ірі қара мал бар.
Шаруашылық басшысы Рахым Кәрімов Үкімет басшысына өндірістің шығындарын азайту және оның өнімділігін арттыру үшін шағын және орта отбасылық фермаларға қатысты қолдау шараларын кеңейту мүмкіндігін қарастыру туралы өтінішін білдірді.
"Мәселені шешудің бірден-бір жолы ауыл шаруашылығы кооперациясының мүмкіндіктерін пайдалану болуы мүмкін. Қазір бұл бағытқа мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп отыр. Егер екі-үш шаруа қожалығы күш біріктіруді ұйғарса, олардың өндіріс шығындары төмендеп, пайда үлесі артады. Бұл ретте ірілендіру есебінен осы АӨК субъектісін инвестициялық субсидиялаумен қамту мүмкіндігі пайда болады", - деп жауап берді Әлихан Смайылов.
Жалпы, Премьер-Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда сүт бағытын мемлекеттік қолдау шаралары саланы айтарлықтай технологиялық жаңғыртуға мүмкіндік берді. Тек кейінгі бес жылда сүт шаруашылығын қолдауға 82 млрд теңге бағытталған.
"Биыл бүкіл республика бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату жоспарланып отыр, онда қысқа мерзім ішінде сүт-тауар фермаларын құру бойынша 21 жоба іске асырылды. Бұл жұмысты ерекше бақылауға алу қажет", - деді Әлихан Смайылов.