Шаруалар 6,8 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен несие ресімдей алады

775

Банк ВТБ 4 млрд теңге сомасына кредит желісін ашты.

Шаруалар 6,8 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен несие ресімдей алады

Аграрлық кредит корпорациясы (АКК) АҚ агроөнеркәсіптік кешен жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін Банк ВТБ (Қазақстан) 4 млрд теңге сомасына кредит желісін ашты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері ВТБ-да "Агробизнес" бағдарламасы аясында жылдық 6,8% сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген кредит ресімдей алады.

"Агробизнес" бағдарламасының шарттарымен ауыл шаруашылығының басым бағыттары белгіленген. Олардың ішінде: сүт өндірісі, құс шаруашылығы және шошқа шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы (көкөністер мен жемістер), сондай-ақ ет, балық және қайта өңдеу бойынша жобалар бар. Аталған бағыттар бойынша кәсіпкерлер негізгі құралдарды сатып алу үшін, оның ішінде объектілерді жаңғыртуға, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына және айналым қаражатын толықтыруға қаржы алуларына болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу