Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов шаруаларды дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"30 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан мен 30 маусым аралығында "2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына 400,9 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін" бекітті. Дизель отынының бағасы – 1 литрі үшін қосылған құн салығымен бірге 254 теңге, бұл жанармай құю станциясының бөлшек сауда бағасынан шамамен 20%-ға арзан. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданды", - деді ведомство басшысы.
Атап айтқанда, жеке ПИН-кодтар алынып, дизель отынын сары, көк және қызыл түстерге боялды. Электронды счет-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құрылды.
Ерлан Ақкенженовтың сөзінше, көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігі 400,9 мың тонна дизель отыны болды.
"Ақпан-сәуір айларында көктемгі дала жұмыстарына 215 мың тонна немесе дизель отынының жалпы көлемінің 54%-ы жөнелтілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен уақтылы қамтамасыз ету үшін жеткізушімен мұнай өнімдерін сатып алу – сату шарты жасалған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде дизель отынының бөлінген көлемі үшін төлемді жеделдету қажет", - деді Энергетика министрі.