Шаруалар егін науқанын бастай алмай отыр

1248

Айтуларынша,  жол бойына қойылған блок-посттардан өту күн сайын қиындай түскен. 

Шаруалар егін науқанын бастай алмай отыр

Алматы облысының шаруалары егін науқанын бастай алмай отыр. Фермерлер карантинге байланысты енгізілген шектеулерге наразы. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, мәселені бір жақты қылуды сұрауда, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуларынша,  жол бойына қойылған блок-посттардан өту күн сайын қиындай түскен. Үкімет көктемгі жұмыстарға кедергі жоқ дегенімен, тәртіп сақшылары жолды бөгеп, түрлі құжаттар талап еткен. Салдарынан жанар-жағармай, тұқым алу үшін қалаға жете алмай қалған. Ол аздай тұралаған техниканың кесірінен егін егу уақытын өткізіп алу қаупі туындаған. Діңкесі құрыған кей диқандар қазірден көктемгі егістік жұмыстарын жүргізуден бас тартуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу