Шаруалар қаржылық жағдайының нашарлағанын растауы керек

1236

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие бойынша төлемдерді кейінге шегеру жөнінде мыңдаған өтініш келіп түсті.

Шаруалар қаржылық жағдайының нашарлағанын растауы керек

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының хабарлауынша, 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде төлемдерін кейінге қалдырғысы келетін қарыз алушылар қорға өтініш жазуы керек. Өтініш иесінің қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттары да қоса жіберілуге тиіс.

Өтінішті шаруалар электрондық пошта немесе мессенджер арқылы жібере алады. 7 жұмыс күні ішінде қор өтінімді қарап, жауап береді.

"Төлемді уақытша тоқтата тұру клиенттің несие тарихына кері әсер етпейді",– дейді қордан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу