Елдің бір аумағын қуаңшылық қысып тұрғанда Түркістан облысында шаруалар дизель отынын таба алмай қиналуда, деп хабарлайды Atameken Business.
Салдарынан отбасының нәпақасын қара жерден айырып жүрген жандар шөбін оралмай, тиісті агротехникалық жұмыстарын атқара алмай отыр. Еңбегіміз еш кететін болды деген олар үкімет төмендетілген бағамен болса да өз ақшамызға сұйық отын тауып берсе дейді. Себебі, аймақтағы жанармай бекеттерінде бірнеше күннен бері дизель отыны жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу