Астанада жыл соңына дейін көтерме-бөлшек сауда орталығы ашылады. Бұл ең алдымен фермерлерге өнімдерін тікелей сатуға мүмкіндік беруі тиіс. Сондай-ақ, тауар бағаларының төмендеуіне де септігін тізгізбек. Осы жайында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев "Агроинвест" форумында мәлім етті. Осы мақсатта келер аптада Испанияның "Миркасо" компаниясымен келісім жасалады деп күтіліп отыр екен. Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев елімізде ауыл шаруашылығына жарамды 200 млн гектардан астам жер бар екендігін айта кетті. Оған шеттегі инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр екен.
Нұржан Әлтаев, "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасының орынбасары: "...біздегі шағын фермелер олардың шығарып жатқан тауарлары өте аз көлемде. Енді оларды біріктіру үшін, және олардан тауарларды сатып алу үшін, жаңа оптовый распледилительный центрлар өте керек. Сауданы жеңілдететін, сол фермерлерге өздерінің делдалдарсыз нарыққа шығару үшін, осындай орталықтар керек. Басқа шет елден келіп жатқан сол тауарды сатып аламын дейтін компаниялар олар да сол орталық арқылы тез біліп, тез сатып алуға мүмкіншіліктері бар..."
Сондай-ақ, форумда "Астана" қаржы орталығы ауыл шаруашылығындағы компанияларға тиімді шарттар ұсынуға дайын екендігін жеткізді. Бұл тұста, ең алдымен орталық жаңа қаржыландыру көздерін ашуы тиіс екен. Онда британдық құқыққа сай қызмет кепілдіктері мен банктік, инвестициялық қор талаптары бойынша өзгешеліктер болмақ.
Саясат Нұрбек, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры: "Ауыл шаруашылық қауіп қатері жоғарғы сала болып табылады. Мысалы күн шықпады, жаңбыр жаумады деген сияқты қауіп қатерлер өте көп. Яғни банкілерден тыс, мемлекеттік инвестициялық қорлардан тыс ұзын ақша мүмкіншілігін беретін бір алаңдар жасалуы керек. Облигациялар, құнды қағаздар, басқа да қаржыландыру модельдерін қолдануға болады..."