Шаруалар: Оңтүстік жанармайы шығыстың суығына шыдамайды

992

Шаруалар: Оңтүстік жанармайы шығыстың суығына шыдамайды

Шығыс Қазақстанда күнбағыс және дәнді дақылдардың кеш пісетін түрлері толық жиналмай қалуы мүмкін. Өйткені, биыл өңірдегі диқандар дизельді отынның басқа түрін қолдануға мәжбүр.

Белгілі болғандай, бұл облысқа жанармайды осы күзде Павлодар емес, Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауыты жеткізеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері күзгі жиын-терінге бүкіл техника дайын деп мәлімдеді. Бидай және көкөністерді сақтайтын қоймалар да толықтай жөндеуден өткен көрінеді. Шілденің соңына қарай бидай алқаптарында егін ору жұмыстары басталып та кеткен. Алайда, дәнді дақылдардың кеш пісетін түрлері мен күнбағысты әбден қара күзде жинайды. Шаруалар, күн суытып кеткенде, Оңтүстіктен жеткізілген дизельді отын қатып қалады деп қорқып отыр.

Тимур Висетаев, шаруа қожалығының басшысы: "Өткен жылы өнім жинаудың соңында шымкенттік дизель отынын пайдаланған едік. Ол нөл градуста қатып қалды. Сол себепті техника тоқтады. Оны үнемі тазартып, отынды жылыту қажет. Сондықтан барлық жұмыс кідірді. Биыл қалай да ондайды қайталамау керек. Жеңілдетілген бағамен болғанның өзінде Шымкент өнімін тұтынбай, нарық бағасымен Павлодар зауытының отынын сатып алуға тура келеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу